3-6 қыркүйек аралығында Астана қаласында орталық мемлекеттік органдар арасында республикалық Спартакиада өтуде. Спорттық жарыстарға Энергетика министрлігінің командасы қатысуда. Команда құрамына Министрлік пен оның Комитетінің 26 қызметкері кірді.
Министрлік қызметкерлері спорттың сегіз түрі бойынша бақ сынауда. Атап айтқанда, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, жүзу, киберспорт, шахмат, қазақ күресі және қол күресі.
Спартакиадаға қатысу Министрлік қызметкерлеріне өздерінің спорттық шеберліктерін көрсетуге, командалық рух пен корпоративтік өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік береді.
Республикалық Спартакиада орталық мемлекеттік органдардың өкілдерін біріктіріп, дене белсенділігін, салауатты өмір салтын және командалық жұмысты дамытуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1285222?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау