Ақтауда азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды
Ақтау қаласында азаматтардың, балалардың және отбасылардың құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған «Заң және тәртіп: құқықтарды қорғаудың тиімді тетіктері» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Іс-шараны Маңғыстау облысының Әділет департаменті, «HUMAN RIGHTS LAWYERS» қоғамдық қоры және Ақтау қаласының «Жанұя» отбасыны қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникациялар орталығы.
Семинардың негізгі мақсаты – азаматтардың, балалардың және отбасылардың құқықтарын қорғау саласындағы практикалық білімдерін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, заң мен тәртіп қағидаттарын нығайту, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылын күшейту.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1285362?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау