КІШІШЫҒАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Үлкеншыған ауылдық округінің әкімі Тумакбаев Еділ Асанұлының Кішішыған ауылының тұрғындарымен кездесу өтті.
Кездесу барысында ауылдық округте атқарылған жұмыстар, жүзеге асырылған іс-шаралар және алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, абаттандыру, санитарлық тазалық, инфрақұрылым және тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасы жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды.
Кездесу барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелері тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, айтылған ұсыныстарды назарға алу және тиісті жұмыстарды жүргізу бағыттары белгіленді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-panfilov-ulkenshagan/press/news/details/1284859?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау