Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5573 әскери бөліміне барды. Мұндағы мақсат – ішкі істер органдарын білікті кадрлармен толықтыру үшін үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Айтулы іс-шараға 400-ге жуық мерзімді әскери қызметші қатысты.
Көлік полицейлері әскери қызметшілерге ішкі істер органдарына қызметке орналасу тәртібі, кандидаттарға қойылатын талаптар, қызмет өткерудің шарттары мен әлеуметтік кепілдіктер, сондай-ақ кәсіби және мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпараттар берді. Сондай-ақ, олар қатысушыларға мерзімді әскери қызмет барысында алған білімдері мен тәжірибелерін ішкі істер органдарындағы қызметте одан жүзеге асыруға мүмкіндіктері бар екендін айтты.
Жиын қорытындысында еліміздің түпкір-түпкірінен келген 80-ге жуық әскери қызметші ішкі істер органдарына қызметке орналасуға ниет білдірді. Барынша қызығушылық танытқан әрбір әскери қызметшімен одан әрі іріктеу рәсімдерінен өту және қажетті құжаттарды рәсімдеу тәртібі бойынша жеке-жеке түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай кездесулер ішкі істер органдарына қызмет етуге ниетті, талабы жоғары жастарды тартуға, сондай-ақ Отан алдындағы борышын өтеп жүрген әскери қызметшілер арасынан болашақ полиция қызметкерлерінің кадрлық резервін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Басқосу соңында, жиналғандар тарапынан қойылған сұрақтарға егжей-тегжейлі жауаптар берілді. Мұндай үгіт-насихат жұмыстары алдағы уақытта да әрі қарай жалғасатын болады.
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/1284974?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау