КӨППӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫН ТҮГЕНДЕУ ЖӘНЕ ҮЙЛЕРДІҢ БІРЫҢҒАЙ ТІЗІЛІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТУРАЛЫ ЖАҢАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР ЖОБАСЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Материал 1. Ресми жаңалық
Қазақстанда тұрғын үй қорын ауқымды түгендеу басталады
Қазақстанда тұрғын үй қорын ауқымды түгендеу басталады.
Еліміздің барлық көппәтерлі тұрғын үйлері біртұтас тізілімге енгізіледі. Онда әр үйдің мекенжайы, қабат саны, пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың саны, ғимараттың техникалық жай-күйі, лифттер мен есепке алу аспаптары туралы мәліметтер қамтылады.
Жұмыс «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңды іске асыру, сондай-ақ «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде күрделі жөндеу мен техникалық тексеруге қажеттілікті жоспарлау мақсатында жүргізіледі.
Түгендеу «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 2-бабында белгіленген көппәтерлі тұрғын үй анықтамасына сәйкес келетін барлық ғимараттарды қамтиды. Яғни бұл — кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінен және екі немесе одан да көп пәтерден немесе тұрғын емес үй-жайдан тұратын жеке тұрған ғимарат.
Үйлердің қабатына, меншік иелерінің санына, кондоминиум объектісінің тіркелуіне және басқару нысанының таңдалуына қарамастан, олардың барлығы есепке алынады. Оның ішінде ауылдық елді мекендердегі екі және төрт пәтерлі үйлер, сондай-ақ басқару нысаны әлі анықталмаған үйлер де қамтылады.
Тізілімдегі әрбір үйдің бірыңғай сәйкестендіру кілті — мекенжайдың тіркеу коды (МТК). Осы код арқылы үйге басқа ақпарат көздеріндегі мәліметтер байланыстырылады. Олардың қатарында ғимараттың техникалық сипаттамалары, сандық және сапалық көрсеткіштері, үй-жайлар туралы деректер, басқару нысаны мен лифттердің жай-күйі, инженерлік желілерге қосылу және есепке алу аспаптары туралы ақпарат бар.
Мәліметтерді беру тәртібі тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпаратты қалыптастыру, өңдеу, орталықтандырылған жинау және сақтау қағидаларымен белгіленген. Аталған қағидаларға сәйкес деректерді жергілікті

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-panfilov/press/news/details/1284723?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version