: Маңғыстау облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылдық округінің кәсіпкерлерімен кездесу өткізіп, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында кәсіпкерлерге географиялық нұсқамалар мен тауар таңбаларын құқықтық қорғау, оларды тіркеу тәртібі, сондай-ақ тауар таңбаларын заңсыз пайдаланудың алдын алу жөнінде ақпарат берілді.
Сонымен қатар, тауар таңбасының құқық иеленушісінің келісімінсіз оны пайдалануға жол берілмейтіні, контрафактілік өнімдерді айналымға енгізудің құқықтық салдары және кәсіпкерлік қызмет барысында зияткерлік меншік объектілерін заң талаптарына сәйкес пайдаланудың маңыздылығы түсіндірілді.
Әділет департаментінің мамандары кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап беріп, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бойынша қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндірді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, зияткерлік меншік объектілерін заңды түрде пайдалануды қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1285398?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау