Маңғыстау облысында полицейлер 5,5 келі бекіре тұқымдас балықтың уылдырығын тәркіледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Маңғыстау облысы ПД қызметкерлері арнайы жасақ жауынгерлерімен бірлесіп, облыс прокуратурасының үйлестіруімен бекіре тұқымдас балық өнімдерін заңсыз айналымға шығару фактісінің жолын кесті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылында полицейлер Toyota 4Runner автокөлігін тоқтатқан. Көлікті тексеру барысында бекіре тұқымдас балықтардың жалпы салмағы 5,5 келі болатын уылдырығы салынған 10 ыдыс анықталып, тәркіленді.

Үш ер адам ұсталып, полицияға жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, ұсталғандардың бірінің есірткілік масаң күйде болғаны анықталды. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, арнайы қабылдау орнына орналастырылды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.

https://polisia.kz/ru/politsejskie-iz-yali-5-5-kg-ikry-osetrovyh-ryb-v-mangistauskoj-oblasti/

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1285051?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version