Семинар барысында Департамент басшысының орынбасары К.Б. Матаева «Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау тәртібі» туралы баяндама жасады. Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А.Ш. Турикпенбаева Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының 2025 жылғы 19 мамырдағы №57-НҚ бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің «91-бабының 4-1 және 4-2-бөліктерін іске асыру тәртібін» түсіндірді. Семинар барысында қатысушыларға аталған нормативтік құқықтық актілерді практикада қолдану мәселелері түсіндіріліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, құқықтық мәселелер бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1285212?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау