Мемлекеттік қызметкердің ант қабылдауы
2026 жылғы 03 қыркүйегінде департаментте мемлекеттік қызметкер Гүлмира Ғалымқызы Жансеитованың ант беру рәсімі өтті. Ант қабылдау «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2026 жылғы 19 мамырдағы № 290-VIII ҚРЗ Заңына, 2017 жылғы 16 тамыздағы № 532 ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының ант беру қағидаларына сәйкес өтті.
Гүлмира Ғалымқызы Жансеитова еліміздің Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, халыққа адал да білікті қызмет етуге салтанатты түрде ант берді.
Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Марина Анатольевна Панарина мемлекеттік қызметшілер этикасының қағидаларымен таныстырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/1285274?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау