Мұнайлы ауданында ішкі істер органдарының ардагерлерін зейнеткерлікке шығарып салу рәсімі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мұнайлы аудандық полиция бөлімінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарында ұзақ жылдар бойы абыроймен қызмет атқарып, ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан қызметкерлерді зейнеткерлікке шығарып салуға арналған салтанатты рәсім өтті.

Іс-шара барысында Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Баржиков Нуралин Абаевич ардагер әріптестерді зейнеткерлікке шығуларымен құттықтап, олардың ішкі істер органдарындағы мінсіз әрі адал қызметтеріне жоғары баға берді.

«Сіздер қызмет барысында заң мен тәртіпті күзетіп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек еттіңіздер. Отан алдындағы адал қызметтеріңіз бен кәсіби біліктіліктеріңіз кейінгі буын қызметкерлеріне үлгі», – деді полиция бөлімінің бастығы.

Салтанатты шара барысында Санаев Ержан Бектиярович, Канатов Ерлан Алымович, Кусанов Арман Бахытович және Танирбергенов Кобейсын Турганбаевич зейнеткерлікке шығуларына орай құрмет көрсетіліп, марапатталды.

Іс-шарада ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тілектері білдірілді. Сонымен қатар олардың көп жылғы еңбегі мен ішкі істер органдарының дамуына қосқан үлесі атап өтілді.

Мұнайлы аудандық полиция бөлімі ардагерлерге адал қызметі үшін алғыс білдіріп, зейнеткерлік кезеңдерінің тыныштық пен қуанышқа толы болуын тіледі.

https://www.instagram.com/reel/Dc0Si0gK5B_/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1285106?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version