Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Мемлекет Басшысының 2026 жылғы 3 қыркүйектегі Жарлығымен Мұрат Сейтмолдаұлы Мұханов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды.

  Оның азаматтық қорғау органдарындағы кәсіби жолы 2002 жылдың тамыз айында басталды. Ведомстволық Академия курсантынан ТЖМ аппарат басшысына дейінгі үлгілі қызмет жолынан өткен Мұрат Сейтмолдаұлы басқарушылық тәжірибе жинақтады. Көп жылғы мінсіз қызметі барысында ол ведомствоның маңызды бөлімшелері мен құрылымдарын сәтті басқарды. Сондай-ақ ТЖД бастығының орынбасары және облыстық ТЖД басшысы қызметтерін атқарды.

  Жоғары кәсібилігі мен азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ІІ дәрежелі «Айбын» ордені мемлекеттік наградасымен марапатталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1285408?lang=ru

Exit mobile version