Облыстық мәслихат депутаттарының есіне!
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабына сәйкес, облыстық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы 2026 жылғы 15 қыркүйекте сағат 15.00-де облыс әкімдігінің 7 қатардағы мәжіліс залында VІІІ шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХV сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.
Сессияның қарауына төмендегі мәселелер енгізіледі:
- 2025 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы. Баяндамашы: Облыс әкімінің орынбасары Ж.Бисембиев;
- Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебі. Баяндамашы: Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Н.Қонысов;
- Басқа да мәселелер.
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылғы 15 қыркүйек күні сағат 11.00-де облыс әкімдігі ғимаратының 7 қатардағы мәжіліс залында өтеді.
Атырау облыстық мәслихаты
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-atyrau-region/press/news/details/1284739?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау