Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға тұрмыстық газ баллондарын пайдалану және сату кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтаудың қажеттігін ескертеді.
Газ жабдықтарын сақтау, тасымалдау және пайдалану ережелерін бұзу өртке, жарылысқа және көміртек тотығымен (иіс газымен) улануға әкелуі мүмкін.
Қалада қауіпсіздік талаптарының бұзылуын анықтауға және алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар күшейтіледі.
ТЖД тұрғындарды газ жабдықтарын пайдалануға жауапкершілікпен қарауға және белгіленген қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Қауіп немесе төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/1284825?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау