Батыс Қазақстан облысының атын әлемдік аренада асқақтатқан жас чемпион Фатима Сұпығалиеваға жаңа пәтердің кілті табысталды.
Жаңа баспананың кілтін Оралда өтіп жатқан дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының ашылу салтанатында БҚО әкімі Нариман Төреғалиев табыстады.
16 жастағы Фатима биыл Эквадордың Гуаякиль қаласында өткен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында 52 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алып, Қазақстан тарихында қыздар арасында дзюдодан тұңғыш әлем чемпионы атанды. 🥇🌍
«Фатиманың жеңісі – Батыс Қазақстан ғана емес, бүкіл Қазақстан спорты үшін үлкен жетістік. Жас спортшыларымыздың халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғауы – біз үшін зор мақтаныш», – деді облыс әкімі.
📌Сонымен қатар өңір дзюдосының дамуына үлес қосып жүрген БҚО дзюдо федерациясының президенті Рустам Шайхиев Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің «Спорт саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
👏 Фатима, тарихи жеңісің құтты болсын! Жаңа баспанаң берекелі болсын! Алда бұдан да биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз! 🇰🇿🥋
————
#bqo_sport
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-sport/press/news/details/1285201?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау