Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Әсет Махамбетов «КАТКО» БК» ЖШС-не барып, кәсіпорынның құрылғанына 30 жыл толуына арналған іс-шараға қатысты.
Сондай-ақ, Әсет Кеңесбекұлы Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің атынан компания ұжымын және ардагерлерін мерейтоймен құттықтап, «КАТКО»-ның Қазақстанның уран өндіру саласын дамытуға, қазақ-француз ынтымақтастығын нығайтуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтті.
Іс-шара барысында Агенттік төрағасының атынан кәсіпорынның бірқатар еңбек сіңірген қызметкерлеріне көп жылғы адал еңбегі және компанияның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Құрмет грамоталары табысталды.
Өз сөзінде кәсіпорынның өндірістік әлеуетті нығайту, елдің уран өндіру саласын дамыту және білікті мамандар даярлау бағытындағы жетістіктері де атап өтілді.
«КАТКО» қызметкерлері мен ұжымына алдағы уақытта да толағай табыс, тұрақты даму және жаңа өндірістік жетістіктер тілектер айтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1285083?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау