«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заң:жаңа талаптар туралы нені білу қажет?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі» заңда мемлекеттік қызметтің мотивациялық әлеуеті мен тартымдылығын арттыруға, сондай-ақ оның институционалдық жадын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шаралар көзделген.Мәселен, мемлекеттік қызметшілерді де, мемлекеттік заңды тұлғалардағы басқарушылық лауазымдарға кандидаттарды да қамтитын «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметке іріктеудің цифрлық форматы заңнамамен бекітілген.

Мемлекеттік қызметке цифрлық іріктеуді енгізу кандидаттарға мемлекеттік қызметке оңайлатылған және тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге (мерзімдері 5-7 жұмыс күніне дейін қысқартылған), қатысушыларды иесіздендіру және конкурс жеңімпазын автоматты түрде айқындау арқылы конкурстық рәсімдердің ашықтығы мен объективтілігін арттыруға, бюрократиялық кедергілерді барынша азайтуға, сондай-ақ адам факторын (прокторинг) жоюға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік кепілдіктерді нығайтуға және мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын арттыруға ерекше назар аударылды. Мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты қосымша ақылы демалыс күндерін (ұзақтығы үш, бес және он күнтізбелік күн), сондай-ақ күнтізбелік жыл ішінде қысқа мерзімді ақылы демалыс (күнтізбелік он күннен аспайтын мерзім) беру мүмкіндігі көзделген.

Жұмыс уақытының режиміне байланысты мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарының кепілдіктері бекітілді. Мемлекеттік қызметшінің немесе мемлекеттік органның бастамасы бойынша тараптардың келісімі бойынша қызметші үшін лауазымдық жалақының мөлшерін барабар қысқарта отырып, толық емес жұмыс уақыты белгіленуі мүмкін, оның ішінде: толық емес жұмыс күні, толық емес жұмыс аптасы, күнделікті жұмыс ұзақтығын бір мезгілде қысқарту және жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын қысқарту көзделген.

Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар мемлекеттік қызметшілерге жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы – аптасына отыз алты сағаттан аспайтын уақыт белгіленеді. Бұл ретте жалақы мемлекеттік лауазымның белгіленген мөлшерлемесіне сүйене отырып, толық жұмыс аптасы ретінде толық көлемде төленеді.

Заңда тәртіптік жауапкершіліктің профилактикалық әлеуеті жәнетепе теңділігін арттыруға бағытталған заңнамалық шаралар көзделген, тәртіптік жазалардың қолданылу мерзімдері олардың ауырлығына байланысты (екі айдан алты айға дейін) шектелген, жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын жағдайларды бір мезгілде ескеруге, сондай-ақ құқықтық салдарларды саралауға мүмкіндік беретін тәртіптік жауапкершіліктің икемді негіздері айқындалған.

Заңмен лауазымдық өкілеттіктерін атқарумен байланысты емес, бірақ мемлекеттік қызметтің абыройы мен беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттер үшін жауапкершілік күшейтілді. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларды медициналық емес пайдалану, алкогольдік, есірткілік және мас күйінде көлік құралын басқару мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жатқызылады.

Заңда құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі қызметтің кәсібиленуін және ұйымдастырушылық тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құқық бұзушылықтардың алдын алу қызметтерін құру көзделген.

Осы қызметтің функцияларына тәртіптік комиссияның қызметін ұйымдастыру, қызметтік тергеу жүргізу рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету, қызметтік әдептің сақталуын бақылау, жауапкершілікке тарту не өзге де құқықтық ықпал ету шараларын қолдану жөнінде ұсыныстар енгізу, соттарда мемлекеттік қызметшілердің өкілдігі мен мүдделерін қорғау және тағы басқасы жатады.

Өз кезегінде заңда персоналды басқару қызметтерінің қызметін стратегиялық кадрлық жоспарлауды іске асыруға қайта бағдарлау, сондай-ақ құзыретті кадрларды тарту және ұстап қалу жөніндегі шаралар көзделген.

Қызметтік әдеп талаптарын сақтауы, мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін жауапкершілікті қолдану мәселелері реттелді.

Заңныңжекенормасы әдептілік мен мінсізбеделнормаларынаарналған. Мемлекеттікқызметшіқызметтікәдептісақтауға, мінсізбеделдіұстануға, жағымсызқоғамдық резонанс туғызуғанемесемемлекеттікқызметкекіркелтіретінәрекеттер мен мінез-құлықтантартынуғаміндетті.

Мемлекеттікқызметшінің, мемлекеттіклауазымғаорналасуғаүміткерадамныңмінсізбеделімемлекеттікқызметкекіругежәне оны өткеругекедергікелтіретінмән-жайлардыңболмауынабайланыстыжеке, әдептікжәнекәсібиқасиеттержиынтығынқамтиды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/osh-timirazevo/press/news/details/1284695?lang=ru

Exit mobile version