Қазақстан сақтандыру секторының 2026 жылғы 1 тамыздағы жай-күйі туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 25 сақтандыру ұйымы бар, оның 10-ы – өмірді сақтандыру.

2026 жылғы маусымның қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері 2,0%-ға 4,5 трлн теңгеге дейін (2026 жылдың басынан бастап 15,6%-ға өсу)  ұлғайды, ол негізінен бағалы қағаздар көлемінің ұлғаюы нәтижесінде болды.

2026 жылғы 1 тамызда активтер құрылымында  ең көп үлес бағалы қағаздарға – 72,9% (3,3 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 7,8% (351,8 млрд теңге), сақтандыру бойынша дебиторлық берешекке – 4,8% (218,3 млрд теңге) тиесілі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2026 жылғы шілдеде негізінен жасалған шарттар бойынша сақтандыру резервтерінің өсуі нәтижесінде 2,2%-ға 3,4 трлн теңгеге дейін (2026 жылдың басынан бастап 21,3%-ға өсу) ұлғайды, ол негізінен сақтандыру резервтерінің 4,0%-ға өсуі нәтижесінде болды (2026 жылдың басынан бастап 21,1%-ға өсу).

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2026 жылғы шілдеде 1,2%-ға 1,1 трлн теңгеге дейін (2026 жылдың басынан бастап 1,2%-ға өсу) ұлғайды. 2026 жылғы шілдеде сақтандыру нарығы бойынша таза пайда 7,2 млрд теңгені құрады (жылдың басынан бастап таза пайда – 89,0 млрд теңге).

2026 жылдың басынан бастап жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 10,4 млн шартты құрады, бұл сақтандыру сыйлықақысының 10%-дан астам деңгейінде банктік қарыздармен байланысты сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру агенттері үшін комиссиялық сыйақыны шектеудің енгізілуіне байланысты, жазатайым жағдайлардан сақтандыру бойынша жасалған шарттар санының 78,5%-ға азаюына байланысты өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 31,6%-ға аз.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 2026 жылғы шілдеде 190,3 млрд теңгені құрады, 2025 жылғы шілдеге қарағанда 16,1%-ға көп. Жыл басынан бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 1 048,6 млрд теңгені құрады, бұл 2025 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда  8,8%-ға көп.

Міндетті сақтандыру бойынша 2026 жылғы шілдеде 28,6 млрд теңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, 2026 жылдың басынан бастап – 176,6 млрд теңге, бұл 2025 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 14,2%-ға артық. Өсу негізінен қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша сыйлықақылардың 13,6%-ға және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің 17,2%-ға ұлғаюына байланысты.

Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2026 жылғы шілдеде 112,0 млрд теңгені, 2026 жылдың басынан бастап – 542,4 млрд теңгені құрады, бұл 2025 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 15,7%-ға көп. Өсу зейнетақы аннуитеттік сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар көлемінің 100,1%-ға ұлғаюына байланысты болды.

Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылғы шілде 49,6 млрд теңгені, 2026 жылдың басынан бастап – 329,6 млрд теңгені құрады, бұл 2025 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 3,2%-ға аз. Төмендеу мүлікті залалдан сақтандыру сыныбы бойынша жиналған сыйлықақылардың 28,0%-ға азаюына байланысты.

Сақтандыру төлемдері 2026 жылғы шілдеде 59,1 млрд теңгені, 2026 жылдың басынан бастап – 312,0 млрд теңгені құрады, бұл  2025 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 27,3%-ға артық.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1284771?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version