Критериалды бағалау сақталғанымен, оның формалары мен әдістері өзгереді. Мұнда қалыптастырушы бағалауға басымдық беріліп, мұғалімдер оқушылардың үлгерімін үнемі бақылауға, қиындықтарды уақытылы анықтап, оқыту процесін түзетуге мүмкіндік алады. Сонымен бірге аралық бағалау түрлері кеңейіп, диктанттар, бақылау, практикaлық, жобалық және зерттеу жұмыстары кеңінен қолданылмақ. Мұғалімдерге де балалардың қажеттіліктерін ескере отырып, тапсырмалар мен әдістерді өздігінен таңдау бойынша еркіндік беріледі, ал ата-аналар үшін басты назар тек қорытынды бағаға емес, баланың шынайы білім прогресі мен дамуына аударылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bala/press/news/details/1284910?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау