Қазақстанда Тұңғыш Қазақ Тазы Күні Аталып Өтілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда
3 қыркүйекте Қазақстанда Қазақ тазысы күніалғаш рет аталып өтеді. Бұл дата 2024 жылы қазақтазысының Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) тарапынан алдын ала танылған күніне орайбелгіленді.
2024 жылғы 3 қыркүйекте Амстердамда FCI қазақтазысын алдын ала тану туралы шешім қабылдады. Тұқымға №372 халықаралық стандарт бекітіліп, Қазақстан оның шыққан елі ретінде танылды.
Қазақ тазысы ғасырлар бойы халқымыздыңтұрмыс-тіршілігімен бірге жасасып, дәстүрліаңшылықта пайдаланылған. Ұлттық тұқымды сақтаужәне оны халықаралық деңгейде танытужұмыстары соңғы жылдары мемлекеттік деңгейдеқолға алынды.
2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық тұқымды сақтау және оны халықаралық деңгейде таныту жөнінде міндетқойды. 2023 жылы осы бағыттағы заңнамалық негізқалыптастырылды.
«Тазыны бүгінгі күнге жеткізген – оны ұрпақтан ұрпаққа сақтап келген аңшылардың, селекционерлердің, кинологтардың, ит иелері мен жанашыр азаматтардың еңбегі. Халықаралықдеңгейде танылу – үлкен нәтиже. Бірақ біздіңжұмысымыз мұнымен аяқталмайды. Ең бастысы – тазының тұқымдық ерекшеліктерін, генетикалыққорын, табиғи және жұмыс қасиеттерін сақтап, келесі ұрпаққа жеткізу», – деді ҚазақстанРеспубликасының Экология және табиғиресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.
Бүгінде Қазақстан кинологтар одағыныңБірыңғай асыл тұқымдық кітабында төрт мыңғажуық тазы тіркелген. Өңірлерде иттердің шығу тегітуралы мәліметтерді жинау, асыл тұқымдық есепжүргізу және тұқымдық қасиеттерін сақтаужұмыстары жалғасуда.
Қазақ тазысын халықаралық деңгейде танытужұмыстары да жалғасып келеді. 2025 жылыХельсинкиде өткен Дүниежүзілік иттер көрмесіндетұқымның ресми таныстырылымы өтті. 2026 жылғымаусымда Болоньядағы World Dog Show көрмесінеҚазақстаннан 12 тазы қатысты.
Сонымен қатар Жетісу облысында Қазақы иттұқымдарының ұлттық орталығының ғимаратысалынып жатыр. Құрылыс демеушілердіңқолдауымен, облыс әкімдігінің ұйымдастыруыменжүргізілуде.
Орталықта таза тұқымды иттерді ұстау жәнеөсіру, олардың шығу тегін тіркеу, Бірыңғай тұқым-тегі кітабын жүргізу, сондай-ақ кинология саласындағы мамандарды даярлау көзделген. Мұнда сынақтар, көрмелер, байқаулар мен жарыстар да ұйымдастырылады.
Биыл 20 ақпанда Үкімет қаулысымен Қазақы иттұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі2026–2036 жылдарға арналған кешенді жоспарбекітілді. Құжат алдағы он жылда осы бағыттағыжұмыстарды мемлекеттік және үкіметтік емесұйымдардың қатысуымен жалғастыруды көздейді.
Қазақ тазысының FCI тарапынан алдын ала танылуы – жұмыстың соңғы кезеңі емес. Алдатұқымның тұрақтылығын бірнеше буын бойыбақылау, генетикалық алуандығын, денсаулығынжәне өзіне тән табиғи қасиеттерін сақтау міндетітұр.
3 қыркүйек – қазақ тазысының халықаралықдеңгейде танылғанын айғақтайтын ғана емес, ұлттық тұқымды сақтап, келесі ұрпаққажеткізудің маңызын еске салатын күн.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tallin/press/news/details/1285320?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version