2026 жылғы 2 қыркүйекте Жітіқара ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында М.К. Ерекеновтың төрағалығымен Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Отырыста Қоғамдық кеңес мүшелері келесі мәселелерді қарады:
1. Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 348 «Жітіқара ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп тану туралы;
3. Жітіқара ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерiн бекіту туралы;
4. Мәслихаттың 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 158 «Жітіқара ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Қоғамдық кеңестің жұмысына Жітіқара аудандық мәслихатының төрағасы, Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен өкілдері қатысты.
Талқылау қорытындысы бойынша ұсынымдар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhitikara/press/news/details/1285284?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау