Әділет министрлігінің Аппарат басшысы Сандуғаш Ерсеитованың төрағалығымен өткен іс-шараның мақсаты – Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі шеңберінде қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, ұлт ұстазы, қазақ ғылымының негізін салушы ғалым, қайраткер Ахмет Байтұрсынұлының cан-салалы мұрасын дәріптеу, сондай-ақ біздің елімізде тұратын барлық этностың мәдениетіне және тіліне құрметпен қарау.
Аталған шараға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволарының, құрылымдық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары мен қызметкерлерінің қатысты.
Мерекелік іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Ердембекұлы Тлешов «Қазақ мәдениеті және Ахмет Байтұрсынов» тақырыбында дәріс оқып, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алды. Сондай-ақ қатысушылар Интеллектуалдық сайысқа қатысып, өз білімдерін сынады. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Экономика салаларының заңнама департаментінің сарапшысы Өсербай Өркенбай Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін оқып, белсенді қатысқан қызметкерлер марапатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1284929?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау