Құқық бұзушылықтардың профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселесі бойынша жиын өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бақалы ауылдық округінің тұрғындарымен құқық бұзушылықтардың профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелері бойынша түсіндіру кездесуі өткізілді.

Жиын барысында тұрғындарға құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібі туралы ақпарат берілді.

Атап айтқанда, құқық бұзушылықтардың профилактикасына үлес қосқан азаматтарға ақшалай сыйақы түріндегі көтермелеу қарастырылғаны түсіндірілді. Мұндай көтермелеу азаматтардың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді араласуын ынталандыруға бағытталған.

Сонымен қатар, тұрғындарға құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша тиісті ақпаратты уақтылы жеткізудің, қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысудың және құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс жүргізудің маңыздылығы түсіндірілді.

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік – баршамызға ортақ жауапкершілік. Әрбір азаматтың белсенділігі құқық бұзушылықтардың алдын алуға және ауылдағы қауіпсіз ортаны қалыптастыруға өз үлесін қосады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-bakaly/press/news/details/1285486?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version