Құқықтық тәртіптің сенімді тірегі: Жетісу облысында үздік учаскелік полиция инспекторлары марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Оларды тұрғындар жақсы таниды, көмек сұрап алдына келеді. Учаскелік полиция инспекторлары – халықпен тікелей жұмыс істейтін, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын полиция қызметкерлері.

Жетісу облысы Полиция департаментінде учаскелік полиция инспекторларының қызметіне арналған кездесу өтті.

Күн сайын тұрғындармен тікелей байланыста болатын учаскелік инспекторлар өздеріне бекітілген әкімшілік аумақтағы жағдайды жақсы біледі, азаматтардың өтініштеріне жедел ден қойып, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыс жүргізеді.

Кездесуде Жетісу облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция қызметкерлерін құттықтап, олардың қызметінің маңыздылығын атап өтті. Ол учаскелік инспектор жұмысы жоғары жауапкершілікті, принципшілдікті, сабырлылықты және азаматтармен тіл табыса білуді талап ететінін жеткізді.

«Учаскелік инспектор – ең алдымен тұрғындар сенім арта алатын полиция қызметкері. Сіздер халықпен күнделікті тығыз жұмыс істеп, өздеріңізге бекітілген аумақтағы мәселелерді жақсы білесіздер және көптеген жағдайларда бірінші болып көмек көрсетесіздер. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлестеріңіз бен адал қызметтеріңіз үшін алғыс айтамын», – деді Полиция департаменті бастығының орынбасары.

Кездесу барысында қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген, кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігін танытқан қызметкерлер ерекше атап өтілді.

Адал қызметі, кәсібилігі және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін үздік учаскелік полиция инспекторларына Алғыс хаттар табысталды.

Учаскелік инспектордың қызметі азаматтардың өтініштерін қараумен ғана шектелмейді. Бұл – тұрғындармен тұрақты байланыс орнату, құқық бұзушылықтардың алдын алу, профилактикалық есепте тұрған адамдармен жұмыс жүргізу, отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың алдын алу және халықты алаңдатқан мәселелерді шешуге атсалысу.

Осындай күнделікті еңбектің нәтижесінде азаматтардың полицияға деген сенімі артып, әр тұрғын өзінің ауласында, көшесінде және тұрғылықты жерінде өзін қауіпсіз сезіне алады.

Учаскелік инспектор қызметі – халық алдындағы күнделікті жауапкершілік. Ал оның басты мақсаты – тұрғындардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1285132?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version