141-бап. Салыстырмалы бақылау
- Салыстырмалы бақылау – салық төлеуші жазып берген электрондық шот-фактураларды:
1) оның өнім берушілері жазып берген электрондық шот-фактуралардың;
2) салықтық есептіліктің;
3) салық төлеушінің қызметі жөніндегі өзге де уəкілетті мемлекеттік органдардың, оның ішінде салық салу объектілері жəне (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мəліметтердің;
4) банктік шоттар бойынша екінші деңгейдегі банктер мəліметтерінің деректерімен салыстыру арқылы салық органы жүзеге асыратын іс-шара.
Салыстырмалы бақылауды салық органы тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау жəне қызметтерді көрсету жөніндегі айналымның іс жүзінде жасалғанын анықтау мақсатында жүргізеді.
- Салыстырмалы бақылау талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде жазып берілген электрондық шот-фактуралар бойынша жүзеге асырылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-aktobe/press/news/details/1284809?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау