СЕНІМ СЕРТИФИКАТЫН ТАБЫСТАУ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қызылорда қаласында жұмыс берушінің қызметін декларациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтіп, онда «Торғай Петролеум» АҚ-на «Сенім сертификатын» беру мәселесі жан-жақты қаралды.
Жиында кәсіпорындағы еңбек қатынастарының жай-күйі, жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының орындалуы назарға алынды.
Комиссия жұмысына Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маманы Майра Боранбаева қатысып, кәсіподақтардың басты ұстанымы – еңбек адамының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелеріне басымдық берді. Кәсіподақ өкілі ұсынылған құжаттар мен материалдарды зерделеу барысында жұмыс берушінің еңбек заңнамасы талаптарын сақтауына қатысты ұстанымын білдірді.
Комиссия отырысында «Торғай Петролеум» АҚ-ның қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкестігі тұрғысынан кешенді бағаланды. Ұсынылған құжаттар, еңбек қатынастарының ұйымдастырылуы, жұмыскерлер үшін қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жан-жақты сараланды.Қарау нәтижесінде кәсіпорын қызметінде еңбек заңнамасының талаптарын бұзу фактілері анықталған жоқ. Жүргізілген бағалау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері «Торғай Петролеум» АҚ-на «Сенім сертификатын» беру туралы ұсынысты бірауыздан қолдады.
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-enbek/press/news/details/1285379?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version