Шымкентте полицейлер қараусыз жүрген екі баланы ата-анасына жеткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласында түнгі кезекшілік кезінде патрульдік полиция қызметкерлері көшеде ересектердің қарауынсыз жүрген екі кішкентай баланы байқап, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Тәртіп сақшылары балаларды патрульдік көлікке отырғызып, 102 арнасы арқылы оларды ата-аналары іздеп жатқанын анықтаған. Көп ұзамай балалардың ата-аналарымен байланыс орнатылып, бүлдіршіндер аман-есен үйіне жеткізілді.

Балаларының аман табылғанына қуаныш білдірген ата-аналар полицейлерге алғысын жеткізді.

Полиция ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмай, олардың қауіпсіздігіне әрдайым жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1284789?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version