Ұлытау облысы ПД-да жас қызметкерлермен жұмысты жетілдіру және олардың кәсіби қалыптасуына қолдау көрсету мақсатында тәлімгерлердің кездесуі өтті. Жиында жас мамандарды қызметке бейімдеу, кәсіби шеберлігін арттыру, қызметтік тәртіп пен жауапкершілікті нығайту мәселелері талқыланды. Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарманың басшысы Алдияр Әбішев тәлімгерлерге жас қызметкерлермен жұмысты жүйелі ұйымдастырып, тәжірибесімен бөлісу және олардың қызметтік міндеттерін сапалы орындауына бағыт-бағдар беру қажеттігін атап өтті. Тәлімгерлік – тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, жас қызметкерлердің кәсіби ортаға сенімді бейімделуіне ықпал ететін маңызды бағыт.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1284668?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау