Талдықорған қалалық мәслихатының кезекті LVIII сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін қала әкімдігінің мәжіліс залында қалалық мәслихат төрағасы Темірболат Ахажанның төрағалығымен Талдықорған қалалық мәслихаты VIII шақырылымының кезекті LVIII сессиясы өтті.

Сессия барысында күн тәртібіне енгізілген бірқатар мәселе қаралды. Соның ішінде қала әкімі Ернат Бәзіл депутаттар алдында Талдықорғанның биылғы жеті айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы жоспарлары туралы баяндама жасады.

Қала әкімі өз баяндамасында жеті айдың қорытындысы бойынша қала экономикасының негізгі салаларында оң динамика сақталғанын атап өтті. Осы кезеңде қалаға 42 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 120 млрд теңгеге жеткізу жоспарланып отыр, оның 59 млрд теңгесі – бюджеттен тыс қаражат.

– Қаламыздың негізгі экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика сақталуда. Әсіресе құрылыс, сауда және өнеркәсіп салаларында өсім бар. Бұл жаңа жобаларды жүзеге асыруға, жұмыс орындарын ашуға және қаланың инфрақұрылымын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Соның бір мысалы – «Жастар-3» тұрғын үй алабы. Мұнда басты мақсатымыз тек баспана салумен шектелмей, тұрғындарға қажетті толыққанды инфрақұрылым қалыптастыру. Биыл 350 үйді кезең-кезеңімен қолданысқа беріп, жол, тротуар және абаттандыру жұмыстарын жалғастырамыз. Сонымен қатар, әлеуметтік және спорттық нысандар салу жоспарланған. Алдағы уақытта да қаланы дамыту мен тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырамыз, – деді қала әкімі Ернат Бәзіл.

Сессия барысында сондай-ақ Талдықорған қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына өзгерістер енгізу мәселесі қаралып, тиісті шешім қабылданды.

Сессия қорытындысында қала әкімі Ернат Бәзіл депутаттармен бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығына тоқталып, қаланы дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және өзекті мәселелерді шешу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да бірлесіп жалғасатынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/1285276?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version