«Таза қолдар» тақырыбында акция өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 28 тамызда гигиеналық сауаттылықты арттыру және инфекциялардың таралуының алдын алу мақсатында Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) мамандары Қарағанды-Сұрыптау станциясының теміржол вокзалы қызметкерлері арасында «Таза қолдар» тақырыбында акция өткізді. Aкция барысында жіті ішек инфекциялары мен тамақтан уланудың алдын алу бойынша негізгі мәселелер түсіндірілді. Акцияның негізгі мақсаты – ішек инфекцияларының алдын алу шаралары туралы хабардарлық деңгейін арттыру және аурулардың таралуын болдырмау мақсатында санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету. Акция барысында «сұрақ-жауап» интерактивті бөлімі ұйымдастырылып, өзекті мәселелерді түсіндіру мақсатында ақпараттық материалдар – жадынамалар, брошюралар мен парақшалар таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1284949?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version