Теміртау қаласының прокуратурасында нақты уақыт режимінде қаладағы жағдайды бақылауға және заңдылықтың бұзылуына жедел ден қоюға мүмкіндік беретін заманауи Қадағалау орталығының ашылуы өтті.
Іс-шараға Бас прокуратураның Қаржы департаментінің бастығы Ілияс Испанов, Қызмет бастығының орынбасары Ақымжан Үмбиталин, Қарағанды облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев және қаланың мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.
Жаңа Орталық прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттыруға, заңдылықтың сақталуына бақылауды күшейтуге, азаматтардың құқықтары мен мемлекет мүдделерін қорғау шараларын жедел қабылдауға арналған.
Орталықтың негізгі артықшылықтарының бірі – қаладағы жағдайды тәулік бойы бақылау мүмкіндігі. Бірыңғай бейнеқабырғаға көшелерде, саябақтарда, мектептерде, мектепке дейінгі және емдеу мекемелерінде, басқа да нысандарда орнатылған 1 575 бейнебақылау камерасы қосылған.
Уақытша ұстау изоляторларындағы адамдардың құқықтарын сақтауға ерекше назар аударылады.
Қашықтықтан бақылау заң бұзушылықтарды уақтылы анықтап, қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Орталықтың жұмысының нәтижесінде заңсыз ұсталған 8 адам босатылды.
Сонымен қатар, Орталыққа цифрлық қадағалау жүйесінің қосылуы осы жүйенің бірегей мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға ықпал етеді.
Кезекші прокурорлар тәулік бойы мониторингті жүзеге асырады. Құқық бұзушылықтар немесе өзге де заң бұзушылық фактілері анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданып, прокурордың оқиға орнына шұғыл шығуысыз, жағдайға жедел ден қойылады.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде қаладағы қылмыстың жалпы деңгейі 28%-ға, оның ішінде аса ауыр қылмыстар 50%-ға, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар 87%-ға төмендеді.
Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар қадағалау қызметіне заманауи технологияларды одан әрі енгізудің және заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Қадағалау орталығының ашылуы Теміртау қаласы прокуратурасының прокурорлық қадағалауды жетілдіруге және «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыруға бағытталған тағы бір практикалық қадамы болды.
Қарағанды облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-karagandy/press/news/details/1285342?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау