Теміржол вокзалын реконструкциялау мәселелері бойынша кездесу өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен теміржол вокзалына күрделі жөндеу және реконструкция жұмыстарын жүргізіп жатқан «Спец Строй Эксперт» ЖШС учаске бастығымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында үй-жайлардың қолжетімділігін қамтамасыз ету және оларды белгіленген санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкестендіру, медициналық көмекке мұқтаж жолаушыларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, сондай-ақ балалары бар ата-аналарға тиісті жағдай жасау мәселелері талқыланды. Талқылау қорытындысы бойынша аталған үй-жайларды жобалық құжаттамаға және қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес тиісті жабдықтармен қамтамасыз ету ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1284947?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version