Тіл мәртебесін көтере түсейік

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылы 3 қыркүйекте Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан халқының тілдері күні арналған жиын өтті.

Жиында қазақ тілі бастауыш ұйымының төрағасы О.Жұмашұлы «Қазақ тілі-мемлекеттік тіл және оның мәртебесі» тақырыбында баяндама жасады.

Баяндамасында «Тілдің иесі – кешегі қазақ, бүгінгі қазақ және болашақтағы қазақ. Тіл – өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Ата заңымызда «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп анық та айқын жазылған.

         Елбасымыз Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев «Мемлекеттік тіл – бұл Отан бастау алатын ту, елтаңба, әнұран секілді дәл сондай нышан» деп қазақ тілінің қоғамдағы рөлін ашып көрсетеді. Ұлтымыздың атымен аталатын мемлекетте өмір сүріп жатқандықтан, еліміздің әр азаматы мемлекеттік тілді меңгеруі – Отан, қоғам алдындағы азаматтық парызы деп есептейтіндігін» хабарлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1285399?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version