Ауыл жастары мен өскелең ұрпақ үшін тағы бір қуанышты орын пайда болды. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Түймекент ауылында спортты насихаттау және салауатты өмір салтын қолдау мақсатында жаңадан бой көтерген кіші футбол алаңшасы ел игілігіне берілді.
Салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп, жастарды спортпен белсенді шұғылдануға шақырды және ауыл тұрғындарын осынау маңызды оқиғамен құттықтады.
Бұл игі бастаманың жүзеге асуына қолдау көрсеткен демеуші – «АРАЙ» Групп компаниясының басшысы Арман Еділбаевқа аудан басшысы мен ауыл тұрғындары өз алғыстарын жеткізді
Сондай-ақ шара барысында Түймекент ауылдық округінің ақсақалдар алқасының төрағасы Оспанов Бақыт жастарға сәттілік тілеп, «Жастар – болашағымыздың тірегі, ал денсаулық – басты байлық. Жаңа алаңша ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізіп, спортта биік белестерді бағындыруына септігін тигізсін!», – деп өз батасын берді.
Бұл алаң – болашақ чемпиондар шығатын қасиетті орынға айналсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak-kostobe/press/news/details/1285188?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау