Түркістан облысы ТЖД-да қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтау мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жиында жеке құрамға жол қауіпсіздігін сақтау, қызметтік тәртіпті нығайту және гарнизон аумағынан рұқсатсыз шықпау талаптары түсіндірілді.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жеке құрам арасында заңдылық пен қызметтік тәртіпті сақтау мәселелеріне арналған жиын өтті.

Іс-шара Түркістан облысы ТЖД бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Б. Чайзаданың төрағалығымен ұйымдастырылды. Жиынға қала және аудандық төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдерінің қызметкерлері бейнеконференциялық байланыс арқылы қатысты.

Кездесу барысында қызметтік тәртіпті сақтау, заңдылық талаптарын қатаң орындау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелері қаралды.

Сонымен қатар жеке құрамға гарнизон аумағынан белгіленген тәртіпті сақтамай рұқсатсыз шықпау талаптары түсіндірілді. Қызметкерлерге қызметтік міндеттерін орындау кезінде белгіленген нормалар мен талаптарды бұлжытпай сақтау қажеттігі ескертілді.

Жиын қорытындысы бойынша жеке құрамға тиісті тапсырмалар беріліп, қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтау бағытындағы профилактикалық жұмысты одан әрі күшейту тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-turkistan/press/news/details/1284698?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version