ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ VI ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДА АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы аударыспақтан екі алтын медаль иеленді.
Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен Түркістан облысының спортшысы Сайлау Мұхамеджан 70 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, финалда Қырғызстан спортшысымен белдесті. Тартысты бәсекеде жерлесіміз 2:1 есебімен жеңіске жетіп, жарыс жеңімпазы атанды.
Бұл — Қазақстан құрамасының дүбірлі додадағы екінші алтын медалі.
Байрақты бәсекеге Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров арнайы барып, спортшыларға қолдау білдірді.
Аударыспақ — ат үстінде күш, ептілік, шапшаңдық пен батылдықты талап ететін қазақ халқының дәстүрлі ұлттық спорт түрі. Бүгінде елімізде 11,5 мыңнан астам адам аударыспақпен тұрақты түрде шұғылданады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1284855?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version