Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері құқыққа қайшы бейнежазбаны анықтады. Бейнежазбада бірнеше жүргізушінің қала аумағында кортеж ұйымдастырғаны анықталды. Олар жол ережесін елемей, жол жүрісі, маневр жасау қағидаларын, авариялық сигнал беруді қолдану қағидаларын бұзған және мемлекеттік тіркеу нөмірсіз көлікті басқарған. Барлық қатысушы анықталып, полицияға жеткізілді. Олар 20-35 жас аралығындағы Қызылорда қаласының тұрғындары болып шықты. Құқық бұзушыларға қатысты заң аясында шара қолданылды. Бір автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Полиция азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Әсіресе жолды бөгеп жүру, дабылқаққышты заңсыз пайдалану немесе қауіпті маневр жасау заңға қайшы әрекет және міндетті түрде жауапкершілікке әкеп соғады. Полиция әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуді жалғастыруда. Мұндай фактілердің ешқайсысы назардан тыс қалмайды және әрбір құқық бұзушылыққа заң аясында тиісті құқықтық баға беріледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1284664?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау