«Жас құтқарушы» – қауіпсіздікке бастар қадам!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарысу ауданының Жаңатас қаласында орналасқан №16 өрт сөндіру бөлімінің ғимаратында «Жас құтқарушы» клубының мүшелері үшін «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Іс-шара барысында жас құтқарушылар өрт сөндіру бөлімінің күнделікті қызметімен танысып, арнайы өрт сөндіру техникасы мен құтқару құрал-жабдықтарын тамашалады. Балалар өрт сөндірушілердің қызмет ерекшеліктері және төтенше жағдайлар кезінде атқарылатын іс-қимылдар туралы ақпарат алды.  Кездесу барысында балаларға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпті жағдай туындаған кезде дұрыс әрекет ету ережелері түсіндірілді. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, оларды батылдыққа, жауапкершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу. «Жас құтқарушы» клубы аясындағы осындай кездесулер балалардың құтқарушылар мамандығына деген қызығушылығын арттырып, қауіпсіздік ережелерін күнделікті өмірде сақтаудың маңызын түсінуге ықпал етеді.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1285129?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version