«Жастар – әділетті қоғамның негізі»
Бүгін, 3 қыркүйекте, жаңа оқу жылының басталуына орай облыстың 18 мектебі мен 4 колледжінде прокуратура органдарының қызметкерлері білім алушыларға «Жастар – әділетті қоғамның негізі» тақырыбында құқықтық сабақ өткізді.
Құқықтық сабақ барысында білім алушылармен құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу, сондай-ақ заңға бағынушылық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Мұндай кездесулер жас ұрпақтың өз құқықтары мен міндеттерін жақсы түсінуіне, өз әрекеттерінің салдарын бағалай білуіне және жауапты шешім қабылдауына ықпал етеді.
Заңға бағынатын жастар – қауіпсіз әрі әділетті қоғамның негізі!
#Заң_мен_тәртіп
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bilim/press/news/details/1285007?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау