Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді салықтық әкімшілендіру тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді салықтық әкімшілендіру тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары.

2026 жылғы 3 қыркүйекте Астана қаласы Тексеру комиссиясының (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) кезекті отырысында жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді салықтық әкімшілендіру тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары шығарылды.

Аудит шеңберінде елорданың Мемлекеттік кірістер органдарының 2025 жылғы салық түсімдерінің жоспарларын қалыптастыру және орындау, салық берешегін төмендету және елорданың салық әлеуетін ұлғайту жөніндегі қызметіне бағалау жүргізілді.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша бюджетке жалпы сомасы 326,2 млн.теңге түсуге тиіс  қаржылық бұзушылықтар, бюджеттің тікелей және жанама шығындары — 1 130,1 млн. теңге, сондай-ақ 52 рәсімдік бұзушылықтар және жүйелік сипаттағы 16 кемшіліктер  анықталды.

Сонымен қатар, аудиторлық іс-шара барысында және оның нәтижелері Тексеру комиссиясының отырысында қаралғанға дейін бюджетке 321,4 млн.теңге түсті, бұл бұзушылықтардың жалпы сомасының 98,5%  құрайды.

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елордада 324 710 салық төлеуші тіркелген, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 23,2%  артық, олардың саны 263 486 болды.

Аудит жергілікті бюджетке салықтық түсімдер көлемінің жыл сайын ұлғаюын атап өтеді.

Мысалы, 2023 жылы бюджетке түсетін салық түсімдерінің нақты орындалуы 740 597,9 млн.теңгені немесе кірістердің жалпы көлемінің 61% , 2024 жылы – 999 235,2 млн. теңгені немесе 73,4%, 2025 жылы-1 183 504,4 млн. теңгені немесе 67,2%  құрады.

Жалпы, динамика салық базасының кеңеюін және елорданың салық әлеуетінің өсуін көрсетеді.

Сонымен қатар, аудит мемлекеттік кірістер органдарының жұмысындағы бірқатар елеулі кемшіліктерді анықтады.

Атап айтқанда, «Нұра» ауданының МКБ 2023-2025 жылдарға арналған корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияларды табыс еткен 15 салық төлеушіге қатысты салық әкімшілендіру шараларын қабылдаған жоқ, соның салдарынан жалпы сомасы 302,2 млн.теңгеге жергілікті бюджетке түсімдер қамтамасыз етілмеген.

«Байқоңыр» ауданының МКБ жеке табыс салығы (бұдан әрі – ЖТС) бойынша салық салу объектілерін жасырған салық төлеушілерге, сондай – ақ 2023-2024 жылдары мүліктік табыс алған және ЖТС төлеу бойынша міндеттемелерді орындамаған жеке тұлғаларға қатысты салықтық әкімшілендіру шаралары қабылданбаған, нәтижесінде жалпы сомасы 6,7 млн. теңгеге түсімдер қамтамасыз етілмеген.

Бұдан басқа, Астана қаласының аудандық мемлекеттік кіріс органдары салық салу объектілерін жасырған салық төлеушілерге салықтық әкімшілендіру шараларын қолданбаған: мүлік салығы бойынша жалпы сомасы 10,9 млн.теңге, жер салығы бойынша – 2,1 млн. теңге, көлік құралдарына салынатын салық бойынша – 3,1 млн. теңге.

Жеке аудит мүлік салығы бойынша салық салу объектілерін жасыру тәуекелін атап өтті. Мұндай тәуекелдер 74 салық төлеушіге («Байқоңыр» ауданының МКБ 55 салық төлеушіге қатысты, «Нұра» ауданының МКБ – 10, Сарыарқа ауданының МКБ-9) қатысты анықталды, оларға құқық белгілейтін құжаттар негізінде жылжымайтын мүлік объектілері, оның ішінде автожанармай құю станциялары, өнеркәсіптік-өндірістік құрылыстар, дүкендер, кеңселер және басқа да объектілер жатады.

Аудиттің маңызды нәтижелерінің бірі салық берешегінің айтарлықтай өсуін анықтау болды: тексерілетін кезеңде берешек көлемі 13 964,6 млн.теңгеден 22 104,2 млн. теңгеге дейін немесе 58% – ға ұлғайды. Бұл ретте салық берешегінің жалпы сомасы 26 641,8 млн.теңгеден 39 229,6 млн. теңгеге дейін немесе 47% – ға өсті, бұл оны өндіріп алу бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігінің жеткіліксіздігін көрсетеді.

Бұл ретте Департаменттің аумақтық бөлімшелері жіберілген хабарламаларды орындамаған дебиторларға қатысты салықтық тексерулер жүргізуді қамтамасыз етпеген. Мысалы, 2023 жылы 4 293, 2024 жылы 6 975 және 2025 жылы 5 206 жағдай бойынша тексерулер жүргізілмеген. 2023 – 2025 жылдары дебиторлардың хабарламаларды орындау деңгейі тек 40 – 44% -. құрады, бұл заңнамада көзделген берешекті өндіріп алу тетіктерінің жеткіліксіз пайдаланылғанын көрсетеді.

Аудит барысында салық заңнамасы талаптарының бұзылуы, оның ішінде салық есептілігін ұсынбау туралы хабарламаларды ұсынбау, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген және төленген сомаларын дербес шоттарда толық есепке алмау, сондай-ақ салық есептілігін ұсынбаған салық төлеушілерге қатысты заңнамада белгіленген мерзімдерде әкімшілік ықпал ету шараларын қолданбау фактілері анықталды.

Белгіленген бұзушылықтар мен кемшіліктер жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығына теріс әсер етеді.

Жалпы, аудит нәтижелері салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыру, салық берешегін қысқарту, салық базасын кеңейту және бюджетке түсетін түсімдердің толықтығын қамтамасыз ету үшін резервтердің бар екендігін көрсетеді.

Жол берілген бұзушылықтар мемлекеттік кірістер органдарының қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындау сапасын төмендету, сондай-ақ салық салудың міндеттілігі мен әділдігі және салық төлеушілердің адалдығы қағидаттарын сақтау тәуекелдерін туғызады.

Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді, сондай-ақ олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша аудит объектілері мен мүдделі тараптарға тиісті ұсынымдар мен тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/nur-rkastanagov/press/news/details/1284985?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version