«Таза – Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жетібай ауылында абаттандыру және елді мекеннің санитарлық тазалығын сақтау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Ауыл аумағында ұзақ уақыт бойы қараусыз қалған ескі тұрғын үйлерді бұзу жұмыстары ұйымдастырылуда.
Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – ауылдың сәулеттік келбетін жақсарту, қараусыз қалған нысандардан аумақты тазарту, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елді мекеннің тазалығын сақтау.
Жетібай ауылында абаттандыру, тазалық және көркейту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1285160?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау