Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің №9 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараны Меркі аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы, полиция капитаны А. К.Жаныкулов өткізді. Кездесу барысында жол қозғалысы ережелерін сақтау, жылдамдық режимін бұзбау, қауіпсіздік белдігін тағу және мас күйінде көлік жүргізуге жол бермеу мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері мен олардың алдын алу жолдары айтылды.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау