“Жолдау”

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жолдау – ел болашағына бағыт беретін маңызды стратегиялық бағдар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы – Қазақстанның бүгінгі даму бағытын саралап қана қоймай, елдің ертеңгі келбетін айқындайтын маңызды стратегиялық құжат. Жолдауда көтерілген әрбір бастама халықтың әл-ауқатын арттыруға, экономиканың тұрақты дамуына және қоғамның жаңа өзгерістерге бейімделуіне бағытталған. Қазіргі заманда цифрландыру мен жасанды интеллектінің маңызы артып келеді. Осы орайда Қазақстанның жаңа технологияларды кеңінен енгізуге, цифрлық экономиканы дамытуға және заманауи білімді ұрпақ қалыптастыруға басымдық беруі – уақыт талабы. Білім мен ғылымға салынған инвестиция – елдің болашағына жасалған ең маңызды инвестиция. Жолдауда адам капиталына, еңбек адамының мәртебесіне, білім сапасына, әлеуметтік саланы жетілдіруге ерекше мән берілуі де көңілге қуаныш ұялатады. Себебі мықты мемлекет ең алдымен білімді, еңбекқор, жауапкершілігі жоғары азаматтарымен қалыптасады. Әрбір азаматтың өз еңбегімен ел дамуына үлес қосуына мүмкіндік жасау – әділетті қоғамның негізгі қағидаларының бірі. Сонымен қатар заң мен тәртіпті нығайту, жауапкершілік пен адалдықты қоғамның басты құндылығына айналдыру мәселелері де аса маңызды. Мемлекет пен халық арасындағы сенім берік болған жерде ғана тұрақты даму мен нақты нәтиже болады. Менің ойымша, Жолдаудың басты мәні – өзгерісті күту емес, өзгерісті өзімізден бастауға шақыруында. Елдің өркендеуі тек мемлекеттік бағдарламаларға ғана емес, әр азаматтың белсенділігіне, адал еңбегіне және ортақ жауапкершілігіне байланысты.
Жолдауда белгіленген міндеттер жүйелі түрде жүзеге асса, Қазақстанның экономикалық әлеуеті артып, әлеуметтік жағдайы жақсарып, цифрлық және технологиялық тұрғыдан бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде жаңа белеске көтерілетініне сенім мол. Жолдау – бүгінгі күннің міндетін ғана емес, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді айқындайтын тарихи бағдар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akshoky/press/news/details/1285142?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version