📌 Павлодар облысының білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2026 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтуге жататын білім беру ұйымдарымен кеңес өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 114-НҚ «Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Павлодар облысының білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2026 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтуге жататын білім беру ұйымдарымен кеңес өткізді.

2026 жылғы 4 қыркүйекте мемлекеттік аттестаттаудан өтуге жататын білім беру ұйымдарының бірінші басшыларының, сондай-ақ мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыруға және сүйемелдеуге жауапты басқармалар мен білім бөлімдерінің өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді.

Кеңес барысында қатысушыларға мемлекеттік аттестаттауды өткізудің жаңа қағидаларының негізгі ережелері, білім беру ұйымдарын аттестаттау рәсіміне дайындау тәртібі, сондай-ақ білім беру қызметін өзін-өзі бағалауды жүргізуге қойылатын талаптар түсіндірілді.

Мемлекеттік аттестаттауды өткізу алгоритміне ерекше назар аударылды. Оның шеңберінде рәсімді өткізудің негізгі кезеңдері мен реттілігі, өзін-өзі бағалау материалдарын дайындау және ұсыну тәртібі, білім беру ұйымының қызметін зерделеу және мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша шешім қабылдау мәселелері қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының басшыларына өзін-өзі бағалау материалдарын сапалы дайындауды, ұсынылатын мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етуді, мемлекеттік аттестаттауды өткізу барысында белгіленген талаптар мен мерзімдерді сақтауды қамтамасыз ету ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-pavlodar/press/news/details/1286179?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version