«Абай облысы Жаңасемей ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2026 жылғы 8 қыркүйекке белгіленген және 2026 жылғы 15 шілдедегі «Жаңарған Жаңасемей» газетінің №27 (38) санында жарияланған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жалдау құқығын беру жөніндегі конкурсынан келесі лоттың алынатынын хабарлайды:
- №3 лот – Озерки ауылдық округі, Қаракөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 35,6 км жерде орналасқан, жалпы ауданы 1500 га жер учаскесі.
Конкурстан алыну себебі:
№3 лот сәйкестендіру құжатын дайындау қажеттілігіне байланысты және аталған жер учаскесі бұрын жергілікті атқарушы орган өткізген басқа конкурс нәтижесі бойынша жеңімпазға берілгеніне байланысты конкурстан алынады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey-ainabulak/press/news/details/1285813?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау