АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ – «Санаторийлік-курорттық емделуді ұсыну тәртібі»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Санаторийлік-курорттық емделуді ұсыну портал немесе мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырылады. Санаторийлік-курорттық емделу күнтізбелік жылда бір реттен артық емес он төрт тәуліктен аспайтын мерзімге беріледі. Кодекстің 168-бабының 4-тармағына сәйкес мүгедектігі бар баланы санаторийлік-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдердің бірінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде санаторийлік-курорттық ұйымда болу құнын жергілікті атқарушы органдардың өтеуіне құқығы бар. Санаторийлік-курорттық емделуге жол жүру шығыстарын төлеу мүгедектігі бар адамның қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Мүгедектігі бар баланы жол жүруші шығыстарын төлеу алып жүрушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Санаторийлік-курорттық ұйымға келген кезде санаторийлік-курорттық емделу қызметтерін берушіге: 1) мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың құжаттары: жеке басты куәландыратын құжат; “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бекітілген 069/е нысаны бойынша санаторийлік-курорттық карта; санаторийлік-курорттық емделуді портал арқылы ұсынған кезде – Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнім берушіден порталда алынған төсек-орынның болуын растау туралы хабарлама ұсынады. 2) алып жүрушінің құжаттары: жеке басты куәландыратын құжатты; заңды өкілдің мәртебесін растайтын құжатты: егер санаторийлік-курорттық емдеуден өту жоспарланбаған жағдайда тұрғылықты жері бойынша инфекциялық пациенттермен байланыстың болмауы туралы эпидемиологтың анықтамасын; санаторийлік-курорттық емдеуден өтуді жоспарлау жағдайында санаторийлік-курорттық картаны ұсынады. Егер ілесіп жүретін адам болса, мүгедектігі бар баланың (мүгедектігі бар баларлардың) санаторийлік-курорттық ұйымына кіруі және шығуы тек алып жүрушімен жүзеге асырылады. Алып жүруші мүгедектігі бар баланың (мүгедектігі бар баларлардың) және алып жүрушінің жынысын ескере отырып, екі орынды бөлмеде немесе бір бөлмеде болуын өнім беруші қамтамасыз етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-uko/press/news/details/1285937?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version