Ақтөбе қаласының прокуратурасы жүргізген жұмыстар нәтижесінде мүгедектігі бар ана мен оның үш кәмелетке толмаған баласының пайдасына 25 млн теңге өндірілді.
2021 жылы балалардың әкесі өндірістік жарақат салдарынан қайтыс болған. Жұмыс беруші отбасыға келтірілген зиянды өтеу ретінде 25 млн теңге төлеген.
Алайда аталған қаражатты балалардың әжесі алып, жеке мақсаттарына жұмсаған.
Осыған байланысты прокуратура отбасының құқықтарын қорғау мақсатында сотқа талап арызбен жүгінді.
Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2026 жылғы 25 мамырдағы шешімімен прокурордың талап арызы қанағаттандырылып, жауапкерден 25 млн теңге өндірілді.
Сот шешімі заңды күшіне енді.
Отбасының бұзылған мүліктік құқықтары қалпына келтірілді.
Ақтөбе қаласының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/1285629?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау