АСҚАРБЕК ЕРТАЕВ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТЕН КЕЙІНГІ КӘСІБИ БЕЙІМДЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев «Әскери интеграциядан кейінгі қоғамдастығы» қоғамдық қорына барып, әскери қызметін аяқтап жатқан азаматтарды кәсіби бейімдеу және олардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мәселелерін талқылады.
 
Бүгінде Қазақстанда еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы алатын 148,7 мың азамат бар. Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, осы санаттағы азаматтарды жұмыспен қамтуға қолдау көрсетудің жолдарын қарастырып жатыр.
 
Ұсынылып отырған тәсіл әскери қызметшілерді қызметін аяқтағаннан кейін емес, азаматтық еңбек нарығына шығуға алдын ала дайындауды көздейді.
 
Осы мақсатта қызметтен босатылуға шамамен алты ай қалғанда азаматтың кәсіби тәжірибесі мен құзыреттері бағаланып, оның еңбек нарығындағы мүмкіндіктері айқындалады. Одан кейін кәсіби бейімделудің жеке жоспары әзірленіп, қажет болған жағдайда қайта даярлау мен оқытуға, сондай-ақ мансаптық және психологиялық қолдауға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар азаматтарға жұмыс іздеу және жұмысқа орналасу кезінде жәрдем көрсетіледі.
 
Алдымен бұл тәсілді Астана қаласында пилоттық режимде сынақтан өткізу ұсынылуда. Пилоттық жобаның нәтижесіне қарай оны еліміздің басқа өңірлерінде де қолдану мүмкіндігі қаралады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1286180?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version