Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жөндеу жұмысы жүріп жатқан көшелер туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Елорданың жол-көлік инфрақұрылымын кешенді дамыту жұмысы жүріп жатыр. Биыл жалпы ұзындығы шамамен 60 шақырым болатын 50-ге жуық көшеде жөндеу жұмысын жүргіземіз.
Жаңа жолдар мен жол айрықтарын салу жұмысы қатар жүріп жатыр. Бұл қаладағы көлік қозғалысын жеңілдетіп, автомобиль көп қатынайтын жолдардағы жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Қаланы аралау барысында бірқатар нысанға бардым. Жангелдин көшесінің құрылысы К. Күмісбеков пен Ш. Бейсекова көшелерін байланыстырып, №65 мектеп-гимназиясына, техникалық колледжге және «Білім-Инновация» лицей-интернатына қатынауды жеңілдетеді. Қазір инженерлік желілерді жүргізу және жол төсемін салу жұмысы жүріп жатыр.
С. Нұрмағамбетов көшесін Ш. Қалдаяқов көшесінен Райымбек батыр көшесіне дейін салу
Бұл жоба С. Нұрмағамбетов көшесін одан әрі дамытып, іргелес аумақтағы көлік қозғалысын жақсартады және LRT станциясына қатынауды оңайлатады. Қазіргі уақытта жол төсемін төсеу жұмысы жүріп жатыр.
Е67, Е68 көшелерін Төле би көшесінен Ә. Бектұров көшесіне дейінгі аралықта салу
Е68 көшесінің құрылысы Төле би мен Ә. Бектұров көшелері арасындағы көлік қозғалысын жақсартып, іргелес тұрғын үй кешендеріне қатынауды жеңілдетеді. Қазіргі уақытта жол төсемін төсеу жұмысы жүргізіліп жатыр.
Пригородный елді мекеніндегі Местная-7 және Е522 көшелерін салу
Жобаны іске асыру Пригородный елді мекенінің көлік қозғалысын арттырып, салынып жатқан жайлы мектепке және тұрғын үйлерге қатынауды қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта Е522 көшесінде инженерлік желілерді жүргізу және жол төсемін төсеу жұмысы жүріп жатыр.
Мәңгілік Ел даңғылы, 40А мекенжайынан Ә. Бөкейхан көшесіне дейін ( «Сапфир» ТК) көше салу
Жаңа көше Мәңгілік Ел даңғылы мен Ә. Бөкейхан көшесі арасындағы көлік қозғалысын қамтамасыз етіп, «Сапфир», «Көркем-4» және «Күмбел» тұрғын үй кешендеріне қатынауды жақсартады. Қазіргі уақытта инженерлік желілерді жүргізу жұмысы жүріп жатыр.
Жол жұмысы елорданың барлық ауданында жүріп жатыр. Мердігер ұйымдарға белгіленген мерзімдерді қатаң сақтау және жұмыстың тиісті сапасын қамтамасыз ету тапсырылды», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1286270?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау