Астанада командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 2 қыркүйекте Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысының төрағалығымен командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуы өтті.

Оқу-жаттығу барысында аумақтық қорғаныс күштері мен құралдарын жауынгерлік (жедел-қызметтік) әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру, сондай-ақ соғыс жағдайы режимі енгізілген жағдайдағы жұмысты ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Іс-шараға қала әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі, аумақтық қорғаныс бригадасының, Төтенше жағдайлар департаментінің, Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің, Полиция департаментінің өкілдері, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Оқу-жаттығу барысында қатысушылар мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл тәртібін, негізгі міндеттерді, сондай-ақ аумақтық қорғаныс күштері мен құралдарын әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру жөніндегі іс-қимылдардың реттілігін қарастырды.

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша жұмыстың одан арғы бағыттары айқындалып, жұмылдырылған барлық органдар мен бөлімшелердің сапалы дайындығын және үйлесімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-ump/press/news/details/1285656?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version