Астана қаласының полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, айналасындағылардың қауіпсіздігіне нақты қауіп төндірген 32 жастағы Porsche автокөлігінің жүргізушісін ұстады.
Оқиға түнгі уақытта Тұран даңғылында болған. Жүргізуші белгіленген жылдамдық режимін бұзып, автокөлікті 197 км/сағ жылдамдықпен басқарған. Мұндай әрекет жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.
Тексеру барысында ер адамның жол қозғалысы ережесін жүйелі түрде бұзғаны анықталды. Тек жыл басынан бері оның қатысуымен 30-дан астам құқық бұзушылық тіркелген, оның ішінде белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттырудың 14 фактісі бар.
Бұған дейін бірнеше рет жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, жүргізуші заң талаптарын елемеуін жалғастырып, белгіленген ережелер мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне ашық түрде немқұрайлы қараған.
Осы факті бойынша ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.
Астана полициясы азаматтарға жол – жылдамдық пен жауапсыздықты көрсетуге арналған орын емес екенін еске салады. Қала ішінде белгіленген жылдамдықты арттыру біреудің өмірін қиюы мүмкін. Әрбір жүргізуші жол қозғалысы ережесін өрескел, әрі жүйелі түрде бұзу – жай ғана әкімшілік құқық бұзушылық емес, айналадағы адамдарға төнетін нақты қауіп екенін түсіну қажет.
«Заң мен тәртіп» қағидаты – қауіпсіз қоғамның негізі. Жол қозғалысының әрбір қатысушысы белгіленген ережелерді сақтап, айналасындағылардың қауіпсіздігіне құрметпен қарауға міндетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1285905?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау